Қырғызстан құрамасының ойыншысы мансабын Премьер-лигада жалғастыруы мүмкін

15.01.2021, 16:03
Футболшы «Қызыл-Жар» клубының оқу-жаттығу жиынына шақырылды.
Қырғызстан құрамасының ойыншысы мансабын Премьер-лигада жалғастыруы мүмкін

«Дордой Бішкек» клубының 22 жастағы шабуылшысы Эрнист Батырканов «Қызыл-Жар СК» командасының оқу-жаттығу жиынына қатысады. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Петропавлдық клубтың бапкерлер құрамы форвардты Қырғызстанның азаматы ретінде қабылдамақ. Батырканов өзінің ұлттық құрамасында алты кездесу өткізді. Олимпиада құрамасымен бірге ол 2018 жылғы Азия ойындарына қатысып, үш кездесуде екі гол соқты.

«Қызыл-Жар СК» өткен маусымды тоғызыншы орында аяқтады. Маусымаралық кезеңде клубтың бас бапкері Вячеслав Руснак отбасылық себептермен клубтан кетті. Молдовиялық бапкердің орнына қазақстандық маман Андрей Карпович келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×