Қытай клубтары Азия Чемпиондар лигасына қатыспайды

09.02.2020, 00:31
Қытай клубтары Азия Чемпиондар лигасына қатыспайды

Қытай клубтары сәуірге дейін Чемпиондар лигасының ойындарына қатыспайды. Бұл туралы Азия футбол конфедерациясының шұғыл кеңесінде белгілі болды.

Ұйым Қытайда коронавирус індетіне байланысты сақтық шараларын сақтауды жөн санапты.

Қытай командалары алдағы аптада матч өткізуі керек еді. Енді сәуірге дейін күте тұруға тура келеді. Сонымен қатар, Қытай Суперкубогы мен ішкі біріншіліктің де қашан басталатыны белгісіз.

Қазір коронавирустан қайтыс болған адамдар саны 430-ға жетті. Ал ауру жұқтырғандар саны 20 мыңға жуық.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×