"Қыздар неге нағыз фанат бола алмайды?"

09.08.2011, 06:28
"Қыздар неге нағыз фанат бола алмайды?"
Қазір стадионда футболға келетін қыздар көп, интернетте мойындарына шарф таққан, беттерін бояған қыздар суреттері көп. Спорт сайттары, форумдарында да "фанат" қыздардың пікірлері. Қысқасы қыздар "біз де фанатпыз" дейді. Бірақ мен бұған қосылмаймын, мұның уақытша қызығушылық екенін дәлелдеуге тырысамын. Біраз жыл футболдың және фанатизм айналасында жүргесін өз тәжірибем бойынша шағын анализ жасап көрейін. Сонымен футбол және қыздар туралы: "Қыздар неге нағыз фанат бола алмайды?" Футбол арқылы қыздар еркектердің назарын аударады. Стадионға келетін қыздар саны аз, сондықтан еркектер міндетті түрде бұл қыздарға қарайды. Назар аудару қыздар үшін өмірлеріндегі маңызды жайттардың бірі. Футболды әдемі еркектер ойнайды. Бекхэм, Месси, Фабрегас, Торрес, Кака, Смаков бұлар әдемі жігіттер. Тек сол әдемілік үшін де футболды жақсы көретін қыздар бар. Футболды тек күйеуге шықпаған қыздар жақсы көреді. Күйеуге шыққаннан кейін футбол жайына қалады. Ешқандай себебі жоқ. Ол солай өйткені. Бірақ, «футболды жақсы көрем, кезінде аулада балалармен ойнағам» сияқты мифтар айтып отыратын келіншектер болады. Футбол қызығы қыздар үшін жәй ғана визуальды қызық. Олар ешқашан ойын тактикасын түсінбейді. Түсіну маңызды да емес олар үшін, бастысы гол болса, команда жеңсе болды. Қыздар ешқашан футболдың математикасын түсінбейді. Мысалы кубок ойыны, реванш матчында қандай есеппен ойнап келесі турға шығуға болатынын олар есептей алмайды. Кейде жұрт команда жеңіліп қалса да неге қуанып жатқандарын түсіне алмайды. Қыздар антисуппортты түсінбейді. Қарсы командаға антисуппорттың негізі қарсыласқа жасалған демотивация арқылы өз командаңа қолдау екенін түсінбейді. Футболдағы агрессияға қарсы. Ал мұнсыз футбол және фанатизм болмайтынын түсінбейді. Шарф тағу, плакат ілу, календарь ұстау, автограф жинау, футболшымен фотоға түсу... Міне осылар қыздар үшін фанатизм болып саналады. Ал шын мәнісінде фанатизм жүрекке тағылған значок, жүрекке ілінген плакат, жүректегі махаббат екенін түсіне алмайды. оларға бәрі көзбен көрілетін, қолмен ұсталатын болуы керек. Жоқ, мұның бәрі дұрыс емес. Мен ондай емеспін дейтін қыз бар болса жынысын өзгертсін. Жоғарыдағы айтылған пікірге жауап: Жазбаның авторы берілмепті. Әйелдердің, дәлірегі қыздардың нағыз фанат бола алатынына әлі күмәнданып жатырсыздар ма? Қатынға бергісіз жылауық еркектер бар, ендеше еркекке бергісіз фанаттар неге болмасын. Қандай өкінішті, қарсы тараптың фанаттарымен жаға жыртысқан немесе полицейдің басын бөтелкемен жарған әйел футбол хулигандарының тарихында тіркелмепті. Бірақ болғаны кәдік, тек тарихқа енбегені болмаса Сонымен, қыздар фанат бола алмайды дейді. Мһм… Еркектер де қыздар секілді кәріс, венесуэла, бразилияның сериалын көріп, жылай алғанда қыздар неге футбол көре алмайды екен? Неге футболға фанат бола алмайды екен? Егер сұлу еркекті көргісі келсе, оларға актер, әнші жетеді. Футбошылардың сұлулық объектісі болғанын өзім көрген емен. Айтпақшы, Бэкхем мен Рональдо бар. Бірақ олар да "исключение". Қысқасы, құрметті бөріктілер, қыздардың еркектерден де өткен фанат бола алатынына күмән келтірмей-ақ қойыңыздар. Алдағы уақытта оны дәлелдейміз. Жынысымызды өзгертіп емес бірақ… Бұл пікірлердің қайсысы дұрыс? Өздеріңіз саралап, төменге өз пікіріңізді қалдырыңыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×