Қыздардың қарсыластары анықталды

16.03.2011, 19:02
Қыздардың қарсыластары анықталды
Ньонда Европа-2013 чемпионатының ірітеу циклі бойынша қыздар арасындағы ойынның жеребесі анықталды. Қазақстан құрамамсы Германия, Испания, Швейцария, Румыния және Түркия құрамаларымен бірге 2 топқа түсті. Андрей Вагановтың қарсыластарына Европаның ең мықты командалары тап болды. Германия қыздарының Европаның бірнеше дүркін чемпионы атанғаны айтсақ та жеткілікті. Іріктеу матчтары Швецияда 2011 жылдың қыркүйегінен басталып, 12 ай бойына жалғасады. Сайыстың финалдық бөліміне топтардың 7 жеңімпазы және 2-орын иемденген командалар арасынан ең үздік деп танылған бір команда шығады (алтыншы орын алған командаларға қарсы матчтар есепке алынбайды). Қалған 2-орынға ие болған алты команда 2012 жылдың қазан айында жұптасқан сайыстарына шығады. Олардың ішінен үздік шыққан үш жеңімпаз да 2013 жылдың шілде айына жоспарланған сайыстың финалдың бөліміне жолдама алады. Жеребе тастауға Қазақстаннан ФФК вице-президенті Виктор Катков қатынасты. 2011 год 17 сентября Казахстан – Румыния 22 сентября Казахстан - Турция 22 октябрь Турция - Казахстан 27 октябрь Казахстан - Испания 19 ноября Германия - Казахстан 24 ноября Швейцария - Казахстан 2012 год 31 марта Румыния - Казахстан 5 апреля Испания - Казахстан 15 сентября Казахстан - Германия 19 сентябрь Казахстан - Швейцария
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×