"Астананың" босниялық шабуылшысы Семир Смайлагич "Қызыл-Жарға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Петропавлдық клуб ойыншыны жалға алғысы келеді. Алайда, "Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов ресми ойындарда гол соқпағанына қарамастан, шабуылшыны жібергісі келмейді. Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Смайлагич жеті матчқа, сонымен қатар Суперкубокта екі матчқа қатысты.
Тағы бір айта кететін жайт, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Смайлагич "Астананың" барлық дерлік ойындарында гол соққан болатын.
Босниялық ойыншыны қатарға қосу арқылы "Қызыл-Жар" шабуыл шебін күшейтуге ниетті. Тоғыз турдан кейін Андрей Карпович жаттықтыратын команда турнирлік кестеде бесінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET