«Қызыл-Жар» белоруссиялық шабуылшымен мәміле жасасты

28.01.2022, 22:57
Шабуылшы былтыр 17 матчта 19 гол соққан екен.
«Қызыл-Жар» белоруссиялық шабуылшымен мәміле жасасты

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 26 жастағы белоруссиялық шабуылшы Кирилл Сидоренкомен келісім-шарт жасасты.

Кирилл - Лужеснянск интернат-гимназиясы мен ПМЦ академиясының түлегі. Кәсіби мансабын 2013 жылы «Амкар» сапында бастаған. 

Белоруссиялық шабуылшы «Витебск», «Химик», «Смолевичи СТИ», «Локомотив», «Белшина», «Ислочь» командаларында өнер көрсетті. Кирилл өткен маусымда «Днепр-Могилев» клубының намысын қорғап, 17 кездесуде 19 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×