«Қызыл-Жар» бразилиялық футболшыны керек қылмады

19.04.2022, 19:32
Футболшы петропавлдық клуб сапында бар болғаны төрт минут өткізді.
«Қызыл-Жар» бразилиялық футболшыны керек қылмады

Петропавлдық «Қызыл-Жар» бразилиялық легионер Лукас Кардозомен қоштасы, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

28 жастағы жартылай қорғаушы Премьер-лиганың екінші турында «Шахтерге» қарсы өткен ойында қосалқы құрамнан алаңға шығып, петропавлдық клуб сапында бар болғаны төрт минут өткізді.

Енді «Қызыл-Жар» құрамында жеті легионер қалды.

Бұған дейін бразилиялық футболшы өз елінде өнер көрсеткен, сонымен қатар Косово, Албания және Солтүстік Македония чемпионаттарында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×