«Қызыл-Жар» бразилиялық қорғаушымен келісім-шарт жасаспақ

23.01.2022, 20:44
Ол шабуылшы ретінде де, вингер ретінде де ойнай алады.
«Қызыл-Жар» бразилиялық қорғаушымен келісім-шарт жасаспақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, бразилиялық шабуылшы Лукас Кардозо петропавлдық «Қызыл-Жар» командасына ауысуға жақын.

27 жастағы бразилиялық шабуылшы өз отанында« Итумбиара», «Насьонал ПР», «Тагуатинга» және «Рио Бранко» командаларында ойнаған.

2016 жылы Солтүстік Македонияның «Пелистер» атты клубына ауысты. Бір жарым жыл ішінде 44 кездесу өткізіп, 17 гол соқты.

Соңғы төрт жыл бойы албаниялық «Бесу» және «Партизан» клубтарында өнер көрсетті. Бас-аяғы 62 матчқа қатысып, 9 гол соқты. Лукас Албания чемпионы және Солтүстік Македония кубогінің иегері атанды. Шабуылшы ретінде де, вингер ретінде де ойнай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×