«Қызыл-Жар» бразилиялық шабуылшыны қатарға қосты

03.02.2021, 15:32
Карпович «Оқжетпесте» ойнаған футболшыларды командаға жинауда.
«Қызыл-Жар» бразилиялық шабуылшыны қатарға қосты

Данило Алмейда Алвес "Қызыл-Жар" ойыншысы атанды, деп хабарлады петропавлдық клубтың ресми сайты.

Данило Алмейда Алвес өзінің футбол мансабын 2011 жылы "Кишада" клубында бастаған. Форвард бұған дейін албаниялық "Флямуртар", түркиялық "Афьет Афьонспор", сондай-ақ бразилиялық "Крисиуму", "Брагантино" және "Луверденсе" клубтарында ойнаған.

2019 жылы көкшетаулық "Оқжетпес" клубына қосылды, онда 27 матч өткізіп, 6 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. Өткен жылы ол кореялық "Сувон" клубының намысын қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×