«Қызыл-Жар» екі футболшымен қош айтысты

11.06.2021, 16:57
Қос футболшы да петропавлдық клубтың түлегі болып табылады.
«Қызыл-Жар» екі футболшымен қош айтысты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Ильдар Айтов пен Виктор Гунченко петропавлдық "Қызыл-Жар" сапынан кетті.

Ресми емес ақпарат көздерінен белгілі болғандай, осы маусымда "Қызыл-Жар" құрамында тиісті ойын практикасын ала алмай жүрген Айтов пен Гунченко клуб басшылығынан келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуды сұраған.

31 жастағы Ильдар Айтов осы маусымда бірде-бір ойынға қатысқан жоқ, ал 27 жастағы Виктор Гунченко бір ғана матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×