«Қызыл-Жар» екі футболшымен қоштасты

08.07.2022, 20:16
Екі ойыншы да петропавлдық клуб үшін 8 ойын өткізген екен.
«Қызыл-Жар» екі футболшымен қоштасты

«Қызыл-Жар» 32 жастағы сербиялфқ қорғаушы Стефан Живкович пен 21 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурзаның командадан кеткенін хабарлады.

Живкович «Қызыл-Жарға» биылғы маусым басталмай тұрып келген болатын. Содан бері петропавлдық клуб сапында 8 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Артур Мурза жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты «Металлист Харьков» клубына қайта оралды. Украиналық футболшы «Қызыл-Жарға» осы жылдың сәуір айында қосылып, клуб үшін 8 кездесуге қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×