«Қызыл-Жар» жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркін Тапаловпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Жартылай қорғаушы петропавлдық клуб сапында 11-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
Еркін Тапалов – Орал футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Мансабын «Ақжайықта» бастап, кейін «Жетісу», «Каспий», «Шахтер» командаларында өнер көрсетті.
Тапаловтың биылғы маусымның басында «Тұранға» қосылған еді. Ол түркістандық клубтың жейдесінде 9 кездесу өткізді. Бір апта бұрын клуб Еркінмен тараптардың өзара келісімі бойынша келісім-шартты бұзғанын хабарлады.
Ойыншының Қазақстан құрамасы үшін 6 ойын өткізгенін де айта кетейік.
Сондай-ақ «Қызыл-Жар» командасы 24 жастағы жартылай қорғаушы Рафаил Оспановпен мәміле жасасты.
Оспанов жаңа командасында 9-шы нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.
Рафаил - «Атыраудың» түлегі. 2019 жылы ол клуб сапында Премьер-лигадағы дебютін жасады, содан бері ол »мұнайшылар» үшін барлық турнирлерде 61 матч өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Осы маусымның басында жартылай қорғаушы «Ақсу» ауысқан еді (5 матч).
Біздің серіктес: FONBET