«Қызыл-Жар» футболшысы Қазақстан құрамасына шақыртылды

01.09.2021, 20:42
Футболшы бұған дейін қосалқы тізімде еді.
«Қызыл-Жар» футболшысы Қазақстан құрамасына шақыртылды

"Қызыл-Жар" қорғаушысы Нұрлан Дайыров Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды петропавлдық клубтың ресми сайты.

"Тень отца Гурмана" телеграм арнасының берген мәліметіне сүйенсек, Абзал Бейсебековтің денесінен коронавирустың белгілері байқалған. Сол себепті оның орнына Дайыров шақыртылды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бүгін "Астана Аренада" Украина құрамасын қабылдайды. Матч елорда уақыты бойынша 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×