35 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Шота Григалашвили "Қызыл-Жардан" кетті, деп хабарлайды петропавлдық клубтың баспасөз қызметі.
Григалашвили өзінің Instagram парақшасында: "Осы керемет 4 жыл үшін рахмет", - деп жазды.
Шота Григалашвили "Қызыл-Жарға" 2018 жылдың басында өзбекстандық АГМК-тен клубынан қосылды. Осы уақыт ішінде ойыншы "Қызыл-Жар" сапында 58 матч өткізіп үлгерді, 9 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Григалашвили бір маусым бойы павлодарлық "Ертіс" клубының да намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET