«Қызыл-Жар» грузиялық шабуылшы мен қазақстандық футболшыны қатарға қосты

10.03.2021, 03:29
Шантурия «Эмполи» клубында доп тепкен.
«Қызыл-Жар» грузиялық шабуылшы мен қазақстандық футболшыны қатарға қосты

Петропавлдық "Қызыл-Жар" грузиялық шабуылшы Романи Шантурия мен қазақстандық жартылай қорғаушы Алтынбек Сапаровпен еңбек келісім-шартын түзгені туралы хабарлады.

25 жастағы грузин шабуылшысы Романи Шантурия - Тбилиси футбол мектебінің түлегі. 16 жасында ол италиялық "Эмполидің" скауттарының назарына ілікті, олар оны өз құрылымына алып кетті. 2019 жылдың жазына дейін ол италиялық клубқа тиесілі болды. Және Португалия, Италия және Грузия клубтарына жалға берілді. Шабуылшының соңғы командасы грузиялық "Дила" болды, ол соңғы жарты жылда небәрі 2 матч өткізіп, 1 гол соқты.

25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Алтынбек Сапаров өткен маусымда "Оқжетпес" клубының намысын қорғады (9 матч). Ол "Атырау" мен "Бәйтерек" командаларында да ойнады. Жалпы Премьер-лигада 81 матч өткізіп, 1 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×