«Қызыл-Жар» хорватиялық қорғаушыны қатарына қосты

14.07.2022, 19:38
Футболшы бұған дейін де Қазақстанда доп тепкен.
«Қызыл-Жар» хорватиялық қорғаушыны қатарына қосты

27 жастағы хорватиялық қорғаушы Матео Мужек «Қызыл-Жарға» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Ойыншы петропавлдық клубта 33-нөмірмен өнер көрсетпек.

Матео Мужек өз елінде «Кустосия», «Драговоляц», «Лучко» және «Горица» командаларында ойнады. Сонымен қатар словениялық «Заврча» мен «Рудар», әзербайжандық «Нефтчи», шотландиялық «Сент-Миррен», молдалық «Шериф», грекиялық «Ларисаның» намысын қорғаған.

Мужек 2018 жылғы маусымда қарағандылық «Шахтерде» доп тепті. «Кеншілер» үшін 33 матч өткізіп, 1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Мужектің соңғы клубы словениялық «Радомье» болды (31 матч).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×