2021 жылы 12 сәуірде ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыста келесі шешімдер қабылданды:
Olimpbet-футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты, III тур
"Атырау" - "Ақтөбе"
2021 жылғы маусымдағы футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының матчтарын өткізуге арналған техникалық регламенттерді сақтамағаны үшін, оның ішінде интернеттің қамтамасыз етілмеуіне байланысты, тәртіптік ережелердің 66-бабына сәйкес, "Атырау" клубына 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл 204 190 (екі жүз төрт мың бір жүз тоқсан) теңгені құрады. "Атырау" айыппұлды 2021 жылдың 12 мамырына дейін төлеуі қажет.
Olimpbet-футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты, IV тур
"Ақжайық" - "Қызыл-Жар"
Тәртіптік ереженің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес допқа ойнау мақсатында шамадан тыс күш қолданып, дөрекі ойын көрсеткені үшін "Қызыл-Жар" командасының ойыншысы Данило Альмейда екі матчқа шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 10 сәуірінен бастап есептеледі.
"Қайрат" - "Тұран"
Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес ойын тәртібін өрескел бұзғаны үшін "Тұран" командасының ойыншысы Бранислав Янкович екі матчқа шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 11 сәуірінен бастап есептеледі.
Біздің серіктес: FONBET