«Қызыл-Жар» өз алаңында «Тұранға» есе жіберді

26.09.2021, 22:54
Бас бапкерсіз қалған түркістандық клуб үш ұпайға ие болды
«Қызыл-Жар» өз алаңында «Тұранға» есе жіберді

"Қызыл-Жар" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 22-турында "Тұранмен" кездесті. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 0:1 есебімен түркістандық клубтың пайдасына шешілді.

"Тұран" командасы алаң иелеріне қарағанда жақсы ойнады. Түркістандық клуб Мирослав Лобанцев қорғаған қақпаны 7 мәрте дәл көздеді. Ал алаң иелері небәрі 3 тура соққымен жауап қатты. Ойынның 76-минутында Таңат Нөсербаев қарсыласынан допты тартып алып, Самир Фазлиге пас асырған еді. Бірақ Нұрлан Дайыров допты қақпашыға қалдырамын деп, аңдаусызда өз қақпасына гол соғып алды.

Қатарынан екі матчта жеңілген Андрей Карпович шәкірттері 32 ұпаймен турнирлік кестенің төртінші сатысында қала берді. Ал Қуаныш Қабдолов бастаған жігіттер 23 ұпаймен 12 орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×