«Қызыл-Жар» португалиялық футболшымен толықты

12.07.2021, 23:34
Футболшы екі апта бұрын «Тобылдан» кеткен еді.
«Қызыл-Жар» португалиялық футболшымен толықты

33 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Карлос Фонсека "Қызыл-Жарға" ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Карлос Фонсека - португалиялық "Санта Марияның" тәрбиеленушісі. Сондай-ақ ол өз елінде "Тирсенсе" мен "Фейренси" клубтарында ойнады. 2013 жылы Фонсека болгариялық "Черноморецпен" келісім-шартқа отырады, содан кейін чехиялық "Славияға" ауысады.

Қазақстанда Фонсека "Ертіс" командасындағы ойындарымен танымал. Футболшы павлодарлық клуб сапында 141 матч өткізіп, 23 гол мен 16 нәтижелі пастың авторы атанды.

Фонсеканың соңғы командасы "Тобыл" болды. Ол қостанайлық клубтан былтырдан бері 24 матчқа қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×