«Қызыл-Жар» қос ойыншымен мәміле жасасты

08.07.2022, 23:09
Еурокубок алдында Әли Әлиев өз командасын күшейту үстінде.
«Қызыл-Жар» қос ойыншымен мәміле жасасты

Петропавлдық «Қызыл-Жар» екі ойыншымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

29 жастағы грузин шабуылшысы Эльгужа Лобжанидзе өз елінде «ВИТ Джорджия», «Шукура», «Динамо», «Металлург» сынды клубтардың намысын қорғаған. Сондай-ақ ресейлік «Оренбургта» доп тепкен.

Қазақстанда ол «Тараз» (25 матч, 8 гол, 2 нәтижелі пас), «Қайсар» (15 матч, 9 гол, 1 нәтижелі пас) және «Тобыл» (29 матч, 4 гол, 4 нәтижелі пас) сапында өнер көрсеткен.

25 жастағы қорғаушы Виктор Зябко - Көкшетау футболының түлегі. Еңбек жолын «Оқжетпесте »бастаған. Сонымен қатар «СДЮСШОР», «Жетісу Ж» және «Игілік» командаларында ойнады.

Зябконың соңғы командасы «Яссы-Түркістан» болды, онда ол 13 матч өткізді. Ойыншы петропавлдық клуб сапында 94-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×