Петропавлдық «Қызыл-Жар» 22 жастағы Қырғызстан құрамасының шабуылшысы Эрнест Батыркановпен келісімшартқа отырғанын жариялады.
Жас шабуылшы «Дордой» клубының жасөспірімдер командасында 2010 жылдан бері ойнады. 2016 жылы «Дордойға» тәуелді «Ала-Тоо» командасының құрамында Қырғызстанның жоғарғы лигасында дебют жасады.
2017 жылы ол «Дордойға» оралды, бірақ негізінен клубтың екінші командасында ойнады. 2018 жылы ол «Дордойдың» негізгі құрамына ілікті, ел чемпионы және Қырғызстан кубогының иегері атанды, ал чемпионаттың сұрмергендері арасында 17 голмен үшінші орынға ие болды. Ол Қырғызстан құрамасы сапында 6 кездесу өткізді.
Біздің серіктес: FONBET