«Арсенал Туланың» 26 жастағы экс-қорғаушысы Александр Довбня петропавлдық «Қызыл-Жармен» келісім-шартқа отырмақ.
Александр Довбня – мәскеулік «Локомотивтің» түлегі. Ол өзінің кәсіби мансабын Кипр чемпионатындағы Этникос және Пафос клубтарында бастады. Кейін Ресейге оралып, «Арсенал Туламен» келісім-шарт жасасты. Сондай-ақ «Роторда» жалдау шарты бойынша өнер көрсетті.
Осы маусымда Довбня ресейлік клуб үшін 4 кездесу өткізіп, нәтиже көрсете алмады.
Біздің серіктес: FONBET