«Қызыл-Жар» ресейлік шабуылшымен мәміле жасасты

11.02.2022, 23:46
Футболшы Литва, Франция және Португалияда доп тепкен.
«Қызыл-Жар» ресейлік шабуылшымен мәміле жасасты

«Қызыл-Жар» 27 жастағы ресейлік шабуылшы Андрей Панюковпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Андрей Панюков мәскеулік «Динамоның» түлегі. Футболшы «Зенит», «Химки», «Спартак-Нальчик» және «Балтика» командаларында ойнаған.

Сондай-ақ литвалық «Атлантас», франциялық «Аяччо» және португалиялық «Брага» командаларында өнер көрсетті. Андрей Ресей жастар құрамасы сапында 17 кездесу өткізіп, 8 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×