«Қызыл-Жар» ресейлік жартылай қорғаушыны қатарға қосты

19.08.2021, 23:34
Футболшы соңғы мәрте «Факел» клубында доп тепкен.
«Қызыл-Жар» ресейлік жартылай қорғаушыны қатарға қосты

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 30 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Павел Яковлевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Павел «Звезда» сонымен қатар «Спартак» спорт мектептерінің тәрбиеленушісі. Талантты ойыншыны 2009 жылы «Спартак» клубының бас жаттықтырушысы Валерий Карпин байқап, кейін Павелді бірінші командамен жазғы оқу-жаттығу жиындарына шақырады.

Яковлев футбол сүйер қауымға көбінесе «Спартак» және «Крылья Советов» командаларындағы ойындары арқылы таныс. Футболшы «Мордовия»,«Анжи» командаларында да доп тепкен. Вингердің соңғы ойнаған клубы - «Факел». Премьер- лигада 187 кездесуге қатысып, 24 рет қақпаны дәл көздеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×