Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 27 жастағы босниялық шабуылшы Петар Кунич петропавлдық "Қызыл-Жар" сапында қаралымнан өтуде.
Босниялық шабуылшы мансабын прагалық "Дукла" командасында бастаған, бірақ негізгі құрамда ойнаған жоқ.
Сонымен қатар ол Сербияда және Грецияда өнер көрсетті. 2019 жылдан бері "Зриньски" командасында доп теуіп келеді. Босния чемпионатының ағымдағы маусымында 9 ойынға қатысып, гол соға алмады. Оның "Зриньски" клубымен келісімшарты 2021 жыллың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы Куничті 200 мың еуроға бағалауда.
Шабуылшы Босния және Герцеговинаның жастар құрамасына шақырту алған.
Біздің серіктес: FONBET