«Қызыл-Жар» «Шахтер» жастарының тас-талқанын шығарды

17.08.2021, 23:52
Петропавлдық клуб келесі кезеңге бірінші орынмен шықты
«Қызыл-Жар» «Шахтер» жастарының тас-талқанын шығарды

Петропавлдық "Қызыл-Жар" Қазақстан Кубогінің топтық кезеңінің алтыншы турында өз алаңында "Шахтерді" 8:1 есебімен ұтты.

Ойындағы алғашқы голды "Шахтер" қорғаушысы Богдан Савкив өз қақпасына соғып алды. Алаң иелері сапында Семир Смайлагич, Алмаз Измаилов дубль жасады. Ал қалған голдарды Дмитрий Шмидт, Дарко Зорич және Артем Черединов соқты. "Шахтер" сапында тек Руслан Тұтқышев мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, "Қызыл-Жар" 13 ұпаймен А тобында бірінші орынды иеленді. Бір ұпайы кем "кеншілер" келесі кезеңге екінші орынмен шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×