«Қызыл-Жар» «Шахтерға» ауысқан футболшысын қайтарып алды

08.02.2022, 00:00
Футболшы Адиевтің көңілінен шықпаған секілді.
«Қызыл-Жар» «Шахтерға» ауысқан футболшысын қайтарып алды

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 28 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зоричтің командаға қайта оралғанын хабарлады.

Дарко Зорич өткен маусымды «Қызыл-Жар» сапында өткізіп, 20 матчта 7 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Қаңтар айының басында петропавлдық команданың баспасөз қызметі жартылай қорғаушының кеткенін хабарлады. Ал осыдан тура үш апта бұрын, яғни 17 қаңтарда қарағандылық «Шахтер» Зоричпен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×