«Қызыл-Жар СК» бірден үш ойыншыны қатарға қосты

09.09.2020, 20:23
«Қызыл-Жар СК» үзілісті пайдаланып, құрамды күшейтіп алды.
«Қызыл-Жар СК» бірден үш ойыншыны қатарға қосты

Украиналық қорғаушы Артем Барановский "Қызыл-Жар СК" ойыншысы атанды.


Артем Барановский Донецкінің "Металлург" командасында футболдың қыр-сырын меңгерген. Өзінің кәсіби мансабын 2007 жылы "Титан" футбол клубында бастаған, сондай-ақ өз отанында "Металлург", "Сталь" және "Олимпик" сияқты командаларда өнер көрсеткен.

Украина чемпионаты мен кубогында 124 матч өткізіп, екі голмен көзге түскен. Екі маусымды қорғаушы Тәжікстанның "Истиклол" клубында өткізді. Өткен маусымды Донецк футболының тәрбиеленушісі Қарағандылық "Шахтерда " өткізіп, клуб сапында 34 ойынға қатысып, бір голмен көзге түсті.

Сондай-ақ "Қызыл-Жар СК" клубы Ресейлік шабуылшы Руслан Корянды қатарға қосты.


Руслан Корян 2005 жылы “Олимпик” командысымен келісімшартқа отырған болатын. Бір маусымнан кейін Киевтік "Динамоның" үшінші командасында ойнап, кейін "Сочи-04" клубына ауысты. 2009 жылы Словакияда ДАК 1904 клубында өнер көрсетті. Араға бір жыл салып Ресейге оралып, "Мордовия" мен "Ростов СКА" түстерін қорғады.

2012 жылы "Луч-Энергия" клубымен келісімшартқа отырды. Командамен бірге екінші дивизионның "Шығыс" аймағының жеңімпазы және ФНЛ Кубогының иегері атанды. 2015 жылдың ақпан айында ташкенттік "Локомотив" қатарын толықтырды. Кейін Владивостокқа қайта оралды. 2016 жылдың қаңтарында "СКА-Энергия" клубының қатарына қосылды. Футболшы соңғы маусымды "Факел" командасында өткізді. Клуб сапында 15 матч өткізіп, екі мәрте қақпаны дәл көздеген.

Ресейлік жартылай қорғаушы Никита Безлихотнов "Қызыл-Жар СК" командасына қосылды.


Никита Безлихотнов алғаш рет "Торпедо" сапында 17 жасында мәскеулік "Спартак" клубының жастар құрамасына қарсы ойында өнер көрсетті. 2012/13 жылғы маусымда ФНЛ біріншілігінде 28 матч өткізіп, жеті гол соққан болатын.

2013 жылы жартылай қорғаушы "Кубань" ФК сапына ауысты. "Кубань" клубында Еуропа Лигасының іріктеу матчында "Моторуэллге" қарсы ойында алаңға шықты. 2013 жылдың күзінде Донецкінің "Металлургіне" жалға беріліп, 2014 жылдың қаңтарында "Кубаньға" оралды. 2014 жылдың жазында "Уфамен" келісімге қол қойды.

2015 жылдың ақпан айында ол маусымның соңына дейін Калининградтың "Балтика" командасына жалға берілді. Никитаның соңғы ойнаған клубы "Армавир" ФК болды. Бұл клуб үшін Безлихотнов 57 матч өткізіп, 9 гол соққан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×