45 жастағы молдовалық маман Вячеслав Руснак "Қызыл-Жар СК" клубындағы жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
«Руснак Петропавлдық «Қызыл-Жарды» 2020 жылдың басынан бері жаттықтырып келеді, екі жылдық келісімшартқа қол қойды, егер команда Премьер-лигадағы орнын сақтай алмаса, онда еңбек келісімшарты бұзылуы мүмкін еді.
Солтүстік қазақстандық комснда чемпионатты тоғызыншы орынмен аяқтап, жоғарғы дивизиондағы өз орнын сақтап қалды, ал Руснак пен оның көмекшілері жұмысын жалғастырады», - деп жазады басылым.
Оның көмекшілері молдовалық Андрей Мацюра, сондай-ақ қазақстандықтар Юрий Чухлеба, Александр Кучма және Александр Петухов болып табылады.
Біздің серіктес: FONBET