«Қызыл-Жар» сырт алаңда «Каспийді» жеңіп, бесінші орында тұрған командадан үш ұпайға ұзап кетті

04.10.2021, 00:00
Петропавлдық ұжым еурокубок жолдамасын алуға бір табан жақын.
«Қызыл-Жар» сырт алаңда «Каспийді» жеңіп, бесінші орында тұрған командадан үш ұпайға ұзап кетті

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Каспий" мен "Қызыл-Жар" өзара мықтыны анықтады. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 31-минутында "Қызыл-Жар" қақпасын пенальти белгіленіп, Алексей Залеский өз командасын алға шығарды. 39-минутта Мусса Коне бұрыштамадан асырылған пасты баспен қақпаға дәл бағыттап, таразы басын теңестірді. Төрт минуттан кейін Әлібек Қасым жеңіс голын соқты.

Жеңіс тойын тойлаған Андрей Карпович шәкірттері 35 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. 28 ұпайы бар ақтаулық клуб сегізінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×