«Қызыл-Жар» тәжірибелі қақпашымен мәміле жасасты

31.01.2022, 23:36
Қақпашы соңғы жылдары «Атырауда» өнер көрсетті.
«Қызыл-Жар» тәжірибелі қақпашымен мәміле жасасты

«Қызыл-Жар» командасы 36 жастағы қақпашы Владимир Логиновскиймен келісімшартқа отырды.

Ойыншы петропавлдық клубқа «Атыраудан» еркін агент ретінде ауысты.

Тәжірибелі қақпашы Владимир Логиновский Петропавлда дүниеге келген, ол осыдан 20 жылдай бұрын, яғни 2002 жылдың қазан айында «Есіл-Богатырь» (қазіргі «Қызыл-Жар») клубында дебют жасады. Жалпы ол петропавлдық клубта 71 ойын өткізіп, 95 гол жіберіп алды. Өткен маусымда «Атырау» сапында 6 матчқа қатысып, 15 мәрте қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×