«Қызыл-Жар» украиналық футболшымен мәміле жасасты

20.04.2022, 23:38
21 жастағы футболшы үшін өткен маусым нәтижелі болған.
«Қызыл-Жар» украиналық футболшымен мәміле жасасты

Петропавлдық «Қызыл-Жар» командасы 21 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурзамен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

21 жастағы футболшы бұған дейін «Мариуполь», «Волынь», «Авангард Краматорск», «Горняк-Спорт» және киевтік «Оболонь» командаларында ойнады.

Өткен жылы Мурза «Оболонь» сапында 15 кездесу өткізіп, 5 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Осы жылдың басында Артур еркін агент ретінде «Металлистке» ауысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×