Қазақстандық маман Әли Әлиев петропавлдық «Қызыл-Жардың» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Әли Әлиев 2015 жылы «Қызыл-Жар СК» командасына ауысып, футболшы ретінде қола және күміс жүлдегер атанды. 2017 жылғы маусымда команда араға 8 жыл салып, Премьер-лигада ойнау құқығын алды. Осы кезеңде Әли Әлиев 75 кездесу өткізіп, қарсыластарының қақпасына 6 гол соқты.
2019 жылы Әли Ханәліұлы «Қызыл-Жар СК» командасының бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен петропавлдық команда Бірінші лигада топ жарып, Премьер-лигаға қайта оралды. Ал Әлиев 2019 жылғы маусымда турнирдің үздік жаттықтырушысы болып танылды.
Еске салайық, өткен жылы Әлиев «Шахтерді» және «Астананың» екінші командасын жаттықтырған болатын. Ал биылғы маусымды «Жеңіс» сапында бастады.
Біздің серіктес: FONBET