«Қызыл-Жарда» 3,5 жыл бойы өнер көрсеткен украиналық футболшы командадан кетті

15.12.2021, 04:37
Футболшының келісім-шарт мерзімі аяқталған екен.
«Қызыл-Жарда» 3,5 жыл бойы өнер көрсеткен украиналық футболшы командадан кетті

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 31 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченконың командадан кеткенін хабарлады. Футболшының келісім-шарт мерзімі аяқталған екен.

«Максим, жауынгер ретінде 3,5 жыл бойы көрсеткен кәсіби шеберлігіңіз, жанқиярлық әрекетіңіз бен ерлік істеріңіз үшін рахмет», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Драченко «Қызыл-Жар» сапында 2018 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетіп келеді. Ол петропавлдық клуб сапында 57 ойынға қатысып, 5 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×