«Қызыл-Жарды» қазақстандық маман жаттықтыруы мүмкін

26.12.2020, 02:46
«Оқжетпес» Бірінші лигаға түскендіктен, Карповичті қызметінен босатпақшы.
«Қызыл-Жарды» қазақстандық маман жаттықтыруы мүмкін

Андрей Карпович - «Қызыл-Жар» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткер, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Андрей Карпович өзінің ойыншы ретіндегі мансабының соңында «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос Феррердің көмекшісі болып жұмыс істеді және маусымды бапкердің міндетін атқарушы ретінде аяқтады. Соңғы екі маусымда ол «Оқжетпестің» бас бапкері болып жұмыс істеді.

Күні кеше, молдовалық маман Вячеслав Руснак петропавлдық командадан кеткен болатын. Руснак отбасылық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×