"Қызыл-Жар" Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында "Тобылдан" жеңілді. Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өткен матч 0:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 33-минутында капитан Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан асырған пасынан кейін Игорь Сергеев баспен гол соқты. Ал 77-минутта "Қызыл-Жар" ойыншыларының пас беру кезіндегі қателігін сәтті пайдаланған Элгуджа Лобжанидзе допты Манзорроға жеткізді. Ал Жереми жерлете соққы жасап, кездесудің нүктесін қойды.
Александр Москаленко шәкірттері бұл жеңістен кейін 55 ұпаймен уақытша көш басына шықты. "Қызыл-Жар" сол баяғы төртінші орында қала берді (35 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET