«Қызыл-Жардың» ОЖЖ-дағы қарсыластары анықталды

22.12.2021, 04:04
Петропавлдық клуб алғашқы ОЖЖ-да алты матч өткізеді.
«Қызыл-Жардың» ОЖЖ-дағы қарсыластары анықталды

Петропавлдық «Қызыл-Жардың» Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары анықталды.

Бұған дейін клуб польшалық «Радомяк» (17 қаңтар), венгриялық «Кишварда» (21 қаңтар), ресейлік «Арсенал» (30 қаңтар) және украиналық «Металлист» (2 ақпан) командаларымен жолдастық кездесулер өткізетінін хабарлаған болатын.

Ал бүгін петропавлдық клуб Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластарын атады:

13 қаңтар. «Волунтари» (Румыния)

17 қаңтар. «Радомяк» (Польша)

21 қаңтар. «Кишварда» (Венгрия)

22 қаңтар. «Балтика» (Ресей)

26 қаңтар. «Напредак» (Сербия)

27 қаңтар. «Дрита» (Косово)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×