«Қайсар» оқу жаттығу жиыны барысында Файфе Режиналдоны қатарға қосты.
30 жастағы ойыншы кәсіби футболдағы алғашқы қадамын 2013 жылы Португалияның «Насьонал» командасында бастаған. Содан бері сол елдегі «Санта-Клара», Албанияның «Люфтетари», «Лачи», «Кукеси» командаларында ойнаған.
Былтыр Қарағандының «Шахтер» командасының сапына жазда қосылып, 13 ойында 3 гол соқты.
Файфе Режиналдо 2011 жылдан бері Мозамбик құрамасы сапында ойнайды. Қазірге дейін 25 кездесуде қарсыластар қақпасын 3 мәрте дәл көздеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушы - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес, украиналық қорғаушы Ризван Аблитаровпен келісім-шартқа қол қойған еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET