Қызылорданың «Қайсары» Түркияда Әзербайжанның «Симургімен» тең түсті

24.01.2012, 19:51
Қызылорданың «Қайсары» Түркияда Әзербайжанның «Симургімен» тең түсті
Қазіргі күндері Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қызылорданың «Қайсары» Әзербайжанның «Симургімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды клубтың баспасөз хатшысы Сергей Неудачин. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Есепті 40-минутта әзербайжан шабуылшысы Тофик Микаилов ашты. Есепті теңестірген екінші голды да Закаталы қаласы футболшылары соқты. Оны кездесудің аяғында Рашад Оруджев өз қақпасына соғып алды. Автогол. Бір айта кететіні, әзербайжан командасы қазақстандықтарға Астананың «Лолкомотивін» басқарғаны арқылы таныс жаттықтырушы Сергей Юран бастап шықты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×