Раде Дугалич: «Біз өз стилімізде ойнай береміз»

28.07.2021, 21:07
Баньяктың ойынға қатыспайтынын ескерсек, Раде бүгінгі ойынға да негізгі құрамнан шығады.
Раде Дугалич: «Біз өз стилімізде ойнай береміз»

"Қайраттың" қорғаушысы Раде Дугалич "Црвена Звездаға" қарсы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матч туралы ойларымен бөлісті:

- Біз бірінші матчта жақсы ойнадық. Біз матчқа дайындық барысында жоспарланғанның бәрін жасап, лайықты жеңіске жеттік. Бізден жеңістен басқа ештеңе күткен жоқ.

Егер "Звездаға" ойнауға мүмкіндік берсек, бізге қиын болатынын білдік. Ол команданың керемет орындаушылары бар екенін түсінеміз. Біз бірден қарсыластарға қысым көрсетіп, жылдам гол соқтық, мүмкіндігіміз мол болды. Екінші таймда 10-15 минут баяу ойнадық. Бұл біздің қақпамызға голдың соғылуына себепкер болды, доп біздің ойыншыға тиіп, қақпаға кірді, біз басымдықты жоғалтып алдық. Бақытымызға орай, біз ойынға қайта оралдық және оң нәтижеге қол жеткіздік. Қорқыныш болды, бірақ біз гол салдық, жеңдік, бірақ бізді тағы бір финал күтіп тұрғанын және өзіміздің күшімізді анықтайтын 90 минуттың бар екенін түсінеміз.

Біз "Звезданың" не қалайтынын және оның қаншалықты күшті екенін білдік, сондықтан оған шабуылмен жауап беру керек болды, және Құдайға шүкір, бұл нәтиже берді. Біз Белградта болатын одан да үлкен сынаққа дайындалып жатырмыз.

Біз өз стилімізде ойнай береміз. Біз бірінші ойындағыдай дайындалып жатырмыз және өзіміздің тәсілімізден бас тартпаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×