Раде Дугалич: «Қонғанымыз сол еді, ұшаққа көлік келіп соғылды»

23.10.2021, 00:22
Ұшақтағы адамдардың ешқайсысы зардап шекпеген екен.
Раде Дугалич: «Қонғанымыз сол еді, ұшаққа көлік келіп соғылды»

"Қайраттың" қорғаушысы Раде Дугалич Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РБ Спорт порталы:

- Біз бұл оқиғаның қалай болғанын білмейміз. Біз ұшып келдік, бәрі жақсы еді, сосын ұшаққа көлік келіп соғылды. Біз қатты соққыны сездік. Көліктің быт-шыты шықты.

- Сіздер мұны қалай қабылдадыңыздар?

- Бәрі жақсы. Бірақ бәрі есеңгіреп қалды: қалай ұшып-қону жолағының бойымен көлікпен жүруге болады?

- Барлығының денсаулығы жақсы ма?

- Иә, Құдайға шүкір, бәрі сау. Ешкім зиян шеккен жоқ. Бұл оқиға таңертең болды. Көбісі ұйықтап жатты, бірақ соққыдан бәрі бірден оянды.

- Қорқып қалдыңыздар ма?

- Қатты қорыққан жоқпын. Барлығы үшін бұл күтпеген жағдай болды. Ұшақ қонып келе жатыр, көлік келіп соғылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×