Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қай клубпен кездескісі келетіндігін айтты

28.08.2025, 19:20

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар Лигасының жеребе қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz сайты Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қай клубпен кездескісі келетіндігін айтты

— Жеребе қорытындысы бойынша бізге міндетті түрде бірінші себеттен бір топ-клуб түседі. Арманымыз «Реал» мен «Барселона» секілді командаларға қарсы ойнау. Бұл біз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен қуаныш болар еді. Сонымен қатар ағылшын клубтары да бар. Мысалы, «Ливерпуль».

— Демек, керісінше, мықты клубтармен кездескіңіз келеді ғой?
— Әрине! Мұндай мүмкіндік, бәлкім, өмірде бір-ақ рет келетін шығар. Неге жеңілірек команда түссе екен деп ойлауымыз керек? Чемпиондар лигасында ондайы жоқ. Бастысы күшімізді сынап көру. Ал мұндай командаларды тек теледидардан емес, алаңда көру - үлкен арман, — деді Уразбахтин.

Айта кетейік, «Қайрат» алғаш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне жолдама алып, Қазақстан футболы тарихында жаңа белеске шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×