Рафаэль Уразбахтин: Дастан Сәтпаевтың деңгейін Еуропаның топ клубтарына қарсы ойында көреміз

28.08.2025, 18:43

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жас ойыншы Дастанның дамуына қатысты пікір білдірді

Рафаэль Уразбахтин: Дастан Сәтпаевтың деңгейін Еуропаның топ клубтарына қарсы ойында көреміз

— Соңғы алты айда ол өте қатты прогресс жасады. Айтарлықтай өсіп келеді. Әр ойында сенімді ойнап жүр. Әрине, әлі де жұмыс істейтін тұстары бар, дамуы қажет. Ол алдағы уақытта да қарқынды дамып, көптеген компоненттер бойынша қосады деген сенімдеміз. Қазірдің өзінде Дастан өз ойынымен еуропалық деңгейдегі командалармен бәсекелесе алатынын дәлелдеп жүр. Жақын арада оның деңгейін топ-клубтарға қарсы матчтарда көреміз. Оның болашағы зор деп ойлаймын, — деді Уразбахтин.

Айта кетейік, «Қайрат» биыл тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×