«Қайрат» клубының бас бапкері Дастан Сәтпаевтың маусым барысында бірнеше матч бойы гол соға алмаған сәтіне тоқталды.
— Дастан әлі жас ойыншы. Ол көптеген нәрселерді алғаш рет бастан кешіріп жатыр және бұл қалыпты жағдай. Әртүрлі жағдайларға бейімделуді, олармен күресуді үйренуіне уақыт керек. Кей кездерде оның жасы мен тәжірибесін ескерген жөн. Қазіргі сәт оның өміріндегі маңызды кезең. Қиындықтарды жеңіп, өз ойыны мен іс-әрекетін талдауды үйрену уақыт.
Біз оны барынша сөзбен және ақыл-кеңеспен қолдауға тырыстық. Оны сабасына түсіру, бәрі ойланып істелуі керек екенін түсіндіру және жай ғана еңбектене беру керектігін айту қажет болды. Голдар міндетті түрде келеді дедік. Солай болды да. Маусымның соңында ол чемпиондық тағдырына тікелей әсер еткен бірнеше өте маңызды гол соқты.
Дастан - биылғы маусымдағы біздің негізгі ойыншыларымыздың бірі. Осындай футболшыға клуб та, ұлттық құрама да қамқор болуы керек. Себебі, мұндай деңгейдегі ойыншылар бізде жиі пайда бола бермейді. Ол қиындықтарды жеңе білді, мінез көрсетті. Жарайсың.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы маусымында-ақ 14 гол соғып, чемпиондық атаққа жетуге үлкен үлес қосты.