Рафаэль Уразбахтин: Дастаннан әдейі сары қағаз алуды сұрадым

27.11.2025, 10:15

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ЧЛ 5-туры аясында «Копенгагенге» қарсы өткен матч соңында Дастан Сәтпаевқа сары қағаз алуды тапсырғанын айтты.

Рафаэль Уразбахтин: Дастаннан әдейі сары қағаз алуды сұрадым
Дастан Сәтпаев голын тойлауда

Кеше 17 жастағы шабуылшы ойын соңында сары қағазбен жазаланған болатын.   

«Мен Дастаннан әдейі сары қағаз алуды сұрадым. Ол бәрібір емделетіндіктен, келесі ойынға қатыспайтын еді. Сондықтан, бұл тактикалық, жоспарланған сары қағаз болды. Енді ол денсаулығына көңіл бөліп, емделеді және келесі ойынға қатыспайды. Есесіне, қалған екі матчқа еш алаңсыз дайындалады», – деді Р. Уразбахтин.

Дастан Сәтпаев тартысты бәсекеде гол салып, ЧЛ тарихында мергендігімен көзге түскен ең жас ойыншылардың қатарына қосылды (Ансу Фати мен Ламин Ямалдан кейінгі үштікте). Алайда, кешегі сары қағаздың салдарынан енді ол «Олимпиакосқа» қарсы өтетін ойыннан (9 желтоқсан) шеттетілді, есесіне одан кейінгі матчтарға дайын болады. «Қайрат» болса еурокубоктің 5 турынан кейін 1 ұпаймен отыз бесінші орынға жайғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×