uefa.com
"Қайрат" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Копенхагенмен" болатын ойын алдында пікір білдірді деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстандық бапкердің айтуынша команда демалудан жалыққан.
"Барлығымыз да ойынға қатты асығып, тағатсыздана күтіп отырмыз. Демалудан да шаршадық, ал тынығып, сабырлы түрде дайындалуға уақыт жеткілікті болды. Енді матчты ерекше күтіп тұрмыз және жақсы нәтиже көрсете аламыз деп үміттенеміз. Өткен аптада халықаралық матчтарға қатысқан бірнеше ойыншымыз да демалысын алып, қайта қалыпқа келді.” – деді Уразбахтин.
Чемпиондар лигасының 5-тур аясындаға “Копенхаген” – “Қайрат” матчы бүгін түнде Астана уақытымен 22:45-те басталады.