Рафаэль Уразбахтин: “Ертеңгі ойында Александр Широбоков алаңға шығады”

"Қайрат" ФК бас бапкері Рафаэль Радикұлы Уразбахтин журналистердің сауалдарына жауап берді.

Рафаэль Уразбахтин: “Ертеңгі ойында Александр Широбоков алаңға шығады”

Қазірде Милан жерінде "Интер" – "Қайрат" кездесуі алдында бапкерлер мен ойыншылардың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтіп жатыр. Сонда спорт журналисі Ермұхамед Мәулен жарақат алып қалды деген Александр Мартыновичтің жағдайы жайында Рафаэль Уразбахтиннен сұрап өтті.

  • Бізде чемпионат аяқталды. Команда өзінің үздік екенін тағы да дәлелдеді. Клуб ойыншылары тойлап та, матчтардан демалып та үлгеріп жатты. Александр Мартыновичке келсек, ол Астанаға қарсы кездесуде жарақат алып қалды. Оның орнына ертең алаңға Александр Широбоков шығады. Мен оған мүмкіндік беріп көрмекшімін. Қалғанын ертең көре жатармыз. Бір түн ішінде футболшыларымызға ештеңе болмайды деп үміттемін. Жалпы алғанда, барлығының ойынға дайындығы жақсы. Бұндай кездесулерде әркім өзін көрсеткісі келеді.

“Интер” - “Қайрат” арасындағы еурокубоктің 4-тур матчы 5-нен 6 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де Миландағы Джузеппе Меацца стадионында өтеді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×