“Қайрат” ФК бас бапкері - Рафаэль Уразбахтин:
- Чемпиондар Лигасындағы қарсыластарымыздың барлығына бірдей дайындалдық. Біреуін бөліп жарғанымыз жоқ. Өткізген матчтарымыздың алдын болжаудан сақ болдық. Біз командамыздың бар өнерін көрсеткіміз келді. Қолымыздан келетін нәрсені жасауға тырысып бақтық. Сөйтіп, ақырын жүріп анық басатын жағдайға жеттік.
- Финляндиядағы сәтсіз ойыннан кейін аздап қорқа бастағанымызды жасырмаймын. Аталған кездесуді бапкерлік штаб қызметкерлерімен бірге сараптай келе, толықтай жеңіліс табатын ойын еместігіне көзіміз жетті. Және қарымта матчта жігіттерге дұрыс нұсқаулық беріп, қарсыласты қапы қалдырдық. Жігіттерде айтқанымызды бұлжытпай орындады. Олардыңда үйдегі кездесу алдында көздерінде от лаулап тұрды. Соның нәтижесінде жанкүйерлер алдында керемет камбэк жасадық.
- Селтикпен қарсы ойында барша қазақ жанкүйерлерін оң нәтижемен қуантқымыз келеді. Өзім және команданың атынан Шотландия ұжымымен болатын алдағы текетіресте жан алысып, жан беріспейтіндей өнер көрсетуге барынша тырысатын боламыз.
Еске салсақ, тамыз айының 20-сынан 21 өткен түні алматылық “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының плей-офф кездесуінде глазголық “Селтикпен” бақ сынасатын болады.