ҚПЛ-дің өткен турында көш соңындағы "Қайсардан" ұтылған соң "Қайраттың" басшылығы бас бапкерді ауыстыруды ұйғарыпты. Қолда бар ақпаратқа сенсек енді Алматылық клубты Рафаэль Уразбахтин жаттықтырмақ.
Рафаэль Уразбахтиннің "Қайрат-Жастардың" аға бапкері екені мәлім. Қазақстан Ұлттық құрама командасының бұрынғы ойыншысы толыққанды бас бапкер есебінде болмайды. Уразбахтин әзірше уақытша бас бапкер міндетін атқарушы лауазымына тағайындалып отыр. "Қайраттың" мұндай шұғыл қадамға баруына - соңғы екі турдағы жеңіліс себеп болуда. Алматыдағы "Ақтөбеге" қарсы кездесудегі сәтсіздікті клуб басшылығы кешірсе (1:3), соңғы орындағы "Қайсардан" болған жеңіліске көз жұмып қарай алмаған сыңайлы. Естеріңізге салайық, кеше "Қайрат" сырт алаңда "Қайсардан" ұтылып (1:0), турнирлік кестеде бірден 8-ші сатыға сырғыды.
Өткен турдағы кездесулердің нәтижелері:
"Тобыл" - "Жеңіс" 1:1
"Атырау" - "Қызыл-Жар" 2:0
"Тұран" - "Астана" 0:2
"Қайсар" - "Қайрат" 1:0
"Елімай" - "Ордабасы" 1:1
"Жетісу" - "Ақтөбе" 2:1
Біздің серіктес: FONBET