Алматылық ұжымның бапкері жаңа маусым алдында құрамды толықтырған легионерлердің мүмкіндігіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Уразбахтиннің айтуынша, әр футболшы команданың ойын өрнегіне өзіндік жаңалық әкелмек.
Бапкер 1XCLUB YouTube арнасына берген сұхбатында жаңа ойыншылардың мықты тұстарын былайша жіктеп берді:
– Лукас Африко: Қорғаныстағы сенімділік пен жойқын күштің иесі. Уразбахтин оның бойындағы агрессивтілікті, жылдамдықты және физикалық қуатты ерекше атап өтті.
– Себастьян Себальос: Шабуыл шебіндегі креативті ойыншы. Оның басты қаруы — техника, асқан жылдамдық және дриблинг. Бапкердің айтуынша, Себальос біргі-бір қарсыласын алдап өтуге өте шебер.
– Яакко Оксанен: Алаң ортасындағы қозғалтқыш. Финлияндық футболшы жоғары қабілеттілігімен және үлкен көлемдегі қара жұмысты атқаруымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның ойынды оқуы, алаңды көре білуі және допты бақылауда ұстауы жоғары деңгейде.
Бапкердің бұл пікірінен "Қайраттың” биылғы маусымда жылдамдық пен физикалық дайындыққа басымдық беретіні байқалады.